Қырғызстан Парламентінің төрағасы ҚР Президенті Телерадиокешенінде болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанға ресми сапары аясында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне келді.

Қырғызстан Парламентінің төрағасы ҚР Президенті Телерадиокешенінде болды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Жогорку Кенеш спикері медиа құрылымның қызметімен танысып, Jibek Joly телеарнасының студиясын аралады. Телерадиокешеннің негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ Silk Way Central Asia халықаралық медиажобасы таныстырылды.

Бұл жобаның мақсаты – Орталық Азияда бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру және өңір елдерінің мүдделерін жаһандық медиа алаңында ілгерілету.

Қырғызстан Парламентінің төрағасы ҚР Президенті Телерадиокешенінде болды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Silk Way телеарнасы алты тілде хабар таратады: қазақ, қырғыз, орыс, ағылшын, өзбек және түрік тілдерінде. Сонымен қатар, контент тәжік және түрікмен аудиториясына бейімделеді. Хабар тарату географиясы төрт құрлықтағы 120 елді қамтып, 300 млн астам әлеуетті көрерменді қамтиды.

Жоба аясында New Time деген атаумен Орталық Азиядағы маңызды оқиғаларға апталық шолу, сондай-ақ Success Stories of Central Asian Women – аймақтағы табысты әйелдер туралы телехикаялар сияқты бағдарламалар ағылшын тілінде шығып жатыр.

Алдағы уақытта Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның ұлттық телекомпанияларымен контент алмасу және серіктестікті нығайту көзделіп отыр.

Айта кетсек, бұған дейін Вьетнам ақпарат агенттігінің (VNA) бас директоры Ву Вьет Транг бастаған делегациясы ҚР Президенті Телерадиокешенінің кеңсесінде болып қайтты.

Соңғы жаңалықтар