14:36, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы $1,7 млрд-тан асқан болатын.
Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, өзара сауда-саттық өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 435 млн доллар болды. Қазақстан тауарлары экспорты 32,7%-ға өсті.
Бүгінде екі ел үкіметтері алдына өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін жеткізу міндеті қойылды.
Айта кетелік Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келген еді.