Қырғызстан президенті ҰҚМК бұрынғы басшысымен арадағы келіспеушілік туралы түсінік берді

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында кейбір азаматтардың ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамчыбек Ташиевпен арадағы келіспеушілікке қатысты алаңдаушылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Президент Кыргызстана снова прокомментировал отставку экс-главы ГКНБ
Фото: Кабар

Қырғыз басшысы көпшіліктің әрі қарай не болатыны туралы сұрағына жауап берді

— Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Тіпті бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтамайды. Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым тұр. Халқымыз бен құтты мемлекетіміз мен үшін ең қымбат, — деп атап өтті ол.

Садыр Жапаровтың айтуынша, ішкі және сыртқы саясат бұрынғыдай жүзеге асырыла береді, ал экономикалық өсім тек артады.

— Халықтың тыныштығын кім бұзса да қатаң жазаланады. Бізде бұған ақыл да, күш те жетеді, — деп атап өтті Қырғызстан президенті.

Еске сала кетсек, 10 ақпанда Қамчыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары — ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды.

ҰҚМК басшысының ауысуынан кейін төрағаның үш орынбасары қызметінен босатылды.

Қырғызстан президенті соңғы кадрлық шешімдер неден туындағанын түсіндірді. 

16 ақпанда Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жумгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдады. Кейін ол бұл қызметке тағайындалды

Соңғы жаңалықтар
Референдум