Қырғызстанда асыл тұқымды мал шаруашылығы цифрлық жүйеге көшірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда асыл тұқымды фермаларға арналған автоматтандырылған есеп жүйесі жұмыс істей бастады, деп жазады Кабар.

Мал шаруашылығы саласындағы құжат айналымын азайту және жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Қырғызстанда асыл тұқымды субъектілерді — шаруашылықтар мен фермаларды, сондай-ақ жасанды ұрықтандыру пункттерін есепке алуға арналған біртұтас автоматтандырылған платформа әзірленді.
Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл платформа арқылы енді асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық немесе асыл тұқымды ферма мәртебесін алу үшін өтініштерді онлайн түрде беру мүмкіндігі қарастырылған.
Жүйе «Агросмарт» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әзірленген. Қазіргі уақытта оның сынақтық нұсқасы қолданысқа енгізіліп жатыр.
«Асыл тұқымды субъектілер мен жасанды ұрықтандыру пункттерінің электрондық реестрі» деп аталатын автоматтандырылған ақпараттық жүйе келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
-
асыл тұқымды құжаттаманы жүргізудегі ашықтық,
-
өтініштерді өңдеудегі жеделдік,
-
ақпаратты нақты есепке алу және сақтау.
Осыған дейін Қырғызстанда ағза айырбастауға тек туыстары донор бола алатыны айтылды.