Қырғызстанда Асқар Ақаевтың уақытша депкомиссия құру туралы өтінішінен бас тарту ұсынылды

Аскар Акаев
Фото: A.Savin/Wikimedia

АСТАНА.KAZINFORM - Жогорку Кенештің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитеті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру және экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы мәлімдемесін қарады, деп жазады Кабар агенттігі.

Комитет төрағасы Чолпон Сұлтанбекова бұл өтініштің Жогорку Кенешке 3 қыркүйекте түскенін еске салды.

Талқылау барысында депутат Гуля Қожоқұлова бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін уақытша депутаттық комиссия құру қажеттігін атап өтті. Депутат Жанар Ақаев Асқар Ақаевтың тұсында елде отбасылық-кландық басқару өркендеп, Ақсый оқиғасы болғанын еске алды.

Талқылау барысында комитет А.Ақаевтың мәлімдемесін назарға алып, оны Жогорку Кенештің қарауына енгізді, сондай-ақ Жогорку Кенешке А.Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды.

Асқар Ақаев Қырғызстан парламентінен экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum