Қырғызстанда бұрынғы табиғи ресурстар министрі мен оның ұлы сотталды
АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан Республикасының бұрынғы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова мен оның ұлы Кемелбек Құтмановтың мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімі бойынша Динара Құтманова Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның ұлы Кемелбек Құтманов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге жеке кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Қырғызстанда мал экспортына уақытша тыйым салынғаны туралы хабарлаған едік.