Қырғызстанда депутаттар сайлауы жаңа жүйе бойынша өтеді

АСТАНА.KAZINFORM — Елде 30 көп мандатты аумақтық сайлау округі құрылады, олардың әрқайсысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің 3 депутатын сайлайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

Қырғызстанда депутаттар сайлауы жаңа жүйе бойынша өтеді
Фото: Кабар

Тиісті конституциялық заңға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қол қойды. Құжат Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау тәртібін жетілдіруге, саяси сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және қазіргі сайлау жүйесінің кемшіліктерін жоюға, азаматтардың сайланатын өкілдерге сенім деңгейін арттыруға бағытталған.

Сайлау қашықтан, электронды дауыс беру арқылы өткізілуі мүмкiн.

Көп мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Жогорку Кенеш депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партиялар мен азаматтарға тиесілі.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында тиісті сайлау округтерінен шығып қалғандардың орнына көп мандатты сайлау округтерінде парламент депутаттарын сайлау өткізілмейді.

Айта кетелік Қырғызстанда ағза айырбастауға тек туыстары донор бола алады

Соңғы жаңалықтар