Қырғызстанда қабықты әктас экспортына мораторий енгізілді

БІШКЕК. KAZINFORM — Елде қабықты әктасты ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығаруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Kazіnform меншікті тілшісі.

Мораторий на вывоз известняка-ракушечника ввели в Кыргызстане
Фото: КАБАР

Тиісті жарлыққа Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы Адылбек Қасымалиев қол қойды.

Өңделмеген немесе қатты ұсақталмаған, тікбұрышты немесе төртбұрышты блоктарға немесе плиталарға кесіліп немесе басқа жолмен бөлінген қабықты әктасты әкетуге тыйым салынады. 

Бұл шаралар орны толмайтын табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және «Жалпақ-Таш» кен орнындағы табиғи қабықты әктас шикізатының тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қаулы күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей белгіленген тәртіппен Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны уақытша тыйым салудың енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды. Ал елдің Сыртқы істер министрлігіне ТМД Атқару комитетін хабардар ету тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстанда мал экспортына уақытша тыйым салынғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар