Қырғызстанда Президент сайлауына қатысуға қанша адам өтініш берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда алдағы президент сайлауына кандидаттар ұсыну үдерісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Выборы
Фото: Kazinform/ИИ

11 қарашадағы мәлімет бойынша, Президенттікке кандидат болуға ниетті жеті адам Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген.

Құжат тапсырған үміткерлердің қатарында:

* Қырғызстанның қазіргі Президенті Садыр Жапаров

* кәсіпкер Аймен Касенов

* бизнесмен Азамат Эсенбеков

* Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Сыймык Жапыкеев
• кәсіпкер Акай Кыдыров

* Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Исхак Масалиев

* Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Бактыбек Калмаматов бар.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.

Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған.

Сонымен қатар Қырғызстандағы президент сайлауына барлығы 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсалмақ.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауына қатысуға алғашқы кандидат өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз.