Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтар жоқ – МҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Ош облысының Өзген ауданы тұрғындарымен кездесуінде елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinfrom меншікті тілшісі.

В Кыргызстане больше нет ОПГ — ГКНБ КР
Фото: Facebook/Камчыбек Ташиев

Арнайы қызмет басшысының айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтармен ешқашан келіссөз болмайды. Олармен күрес заң аясында жүріп жатыр.

Камчыбек Ташиев ұйымдасқан қылмыстық топтар бұрын Өзген ауданының барлық ауылдарында болғанын айтты. Ұйымдасқан топтармен күрес шараларының аясында қылмыстық топтардың 7 көшбасшысы ұсталып, олар артынан қылмыстық идеологиядан бас тартты.

- Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті мен өзім басқарамын. Бұл істің артында ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары мен прокуратура, сот тұр. Бірлескен жұмыстың арқасында елдегі ұйымдасқан топтардың барлығының көзін жоямыз, - деп қосты ол.

Бұған дейін жоғары оқу орындарының басшыларымен өткен кездесуде Қырғыз Республикасының МҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиев Қырғызстанның ұйымдасқан қылмыстық топтардан тазарғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекет мүддесі үшін қылмыс әлемінің серкесі, «заңдағы ұры» Камчы Көлбаевты жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтты.

Кейінірек Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында арнайы қызмет басшысының Камчы Көлбаевты жоюға қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді.

 

Соңғы жаңалықтар