Қырғызстанда жаңа министрлік пен мемлекеттік агенттік құрылды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда президент жарлығымен министрлер кабинетінің құрылымына өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі мен Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігі құрылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғызстанда жаңа министрлік пен мемлекеттік агенттік құрылды
Фото: Freepik

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын тиімді дамытудың маңыздылығын, олардың экономиканың басқа салаларымен өзара байланысын ескере отырып, министрлер кабинеті жанындағы Сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мемлекеттік агенттігі негізіндегі Қырғыз Республикасы Сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігін құру шешімі қабылданды. 

Дене шынықтыру және спорт саласындағы даму рөлін арттыру мақсатында Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі жанындағы Дене шынықтыру және спорт департаменті негізінде Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік құру туралы шешім қабылданды.

- Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі дербес мемлекеттік органның құрылуы аталған саланы тиімді дамыту үшін өкілеттіктер мен ресурстарды шоғырландыруға, бағдарламалар сабақтастығын, спорт инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада ел мүдделерінің халықаралық деңгейде тиісті түрде ұсынылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін дене шынықтыру және спорт департаменті Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігіне қарасты болатын. 

Қырғызстанда ұсталған есірткі саудалаушылардан гашиш пен марихуананың ірі партиясы алынған еді.

Соңғы жаңалықтар