Қырғызстандағы қонақүйлер мен демалыс орындары жұлдызына қарай бағаланады

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстанда қонақүйлер мен демалыс орындарын бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

қонақүй
Фото: freepik

Орналастыру объектілерін жіктеудің мемлекеттік жүйесіне сәйкес үш санат бөлінеді. Қонақүйлер мен демалыс орындарына жұлдыздар (1-ден 5-ке дейін), қонақүйлерге (1-ден 4-ке дейін), киіз үй лагерлеріне (1-ден 4-ке дейін) беріледі.

Сапа стандартының жаңа жүйесі қонақтардың орналасатын орынға деген сенімін арттырады. Олар қандай деңгейде қызмет көрсетілетінін бірден түсінеді. Ал курорттар, глэмпингтер мен қонақүй иелерін туристерді қабылдау сапасын жетілдіруге ынталандырады, - деп хабарлады Қырғыз Республикасы Туризмді дамытуды қолдау қорының өкілдері.

Қонақүйлердің санаттары қонақтар мен бизнес үшін ашық болады. Орналастыру нысандарын бағалау цифрлық платформада жүзеге асырылады.

Алғашқы жұлдызды қонақүйлер мен демалыс орындары биыл анықталады.

Осыған дейін шетелдіктерге Ыстықкөлден демалыс үйін сатып алуға рұқсат берілетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар