21:00, 11 Тамыз 2025 | GMT +5
Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайы жаңа ИATA кодына ауысты
АСТАНА.KAZINFORM - Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайы 2025 жылдың 11 тамызында ИATA кодын FRU-дан BSZ-ке ресми түрде ауыстырады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Қырғызстан Аэропорттары» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескі код 1974 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл өзгеріс инфрақұрылымды дамытудағы жаңа кезеңді және әуежайдың халықаралық мәртебесін арттыруды білдіреді.
— Шешімді халықаралық жүйедегі кодтарды өзгерту тәртібін реттейтін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) қабылдады. BSZ коды Манас әуежайына тиесілі және барлық жаһандық брондау және әуе тасымалы жүйелерінде қолданылады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қырғызстанда Цифрлық кодекс қабылданғаны туралы жазған едік.