Қырғызстандағы парламент сайлауы: 467 кандидат тіркелді
БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда Жогорку Кенешке (Парламент) кезектен тыс сайлауда көп мандатты сайлау округтері бойынша парламентке кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәліметінше, барлығы 467 кандидат тіркелген, оның ішінде 276 ер адам және 191 әйел. Үгіт науқаны 10 қарашада басталады. https://shailoo.gov.kg/ru/news/8187/
Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 5 қарашада Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында қосымша үш сайлау учаскесін құру туралы қаулы қабылдады.
Бұған дейін Қазақстанда Қырғыз Республикасының азаматтары Астанадағы (ҚР-дағы Қырғызстан елшілігі), Алматыдағы (ҚР-дағы Қырғызстанның Бас консулдығы) және Атырау мен Қарағандыдағы учаскелерде дауыс бере алатынын хабарлаған едік.
Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасы Президентінің 30 қыркүйектегі жарлығымен Жогорку Кенеші депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі күні өткізілетіні бекітілді.
Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәліметі бойынша, барлығы 589 кандидат ұсынылды, оның 365-сі – ер адам, 224-і – әйел. Кандидаттарды тіркеу 9 қарашаға дейін жалғасады. Үгіт-насихат науқаны 10 қарашадан басталады.
Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға 127 халықаралық бақылаушы аккредиттеді.
Бұған дейін Қырғызстанға парламенттің өзін-өзі таратуы не үшін қажет екенін жазған едік.