Қырғызстандағы сайлау: 12 округ бойынша қорытынды бекітілді

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 12 сайлау округіндегі сайлауды өтті деп таныды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Выборы в Кыргызстане: утверждены результаты по 12 округам
Фото: ҚР ОСК

7 желтоқсанда қабылданған қаулыларға сәйкес, келесі депутаттар Жогорку Кенешке сайланған деп танылды:

* № 29 сайлау округі бойынша: Нұрбек Сыдығалиев, Әділет Белеков, Гүлсүнқан Жүнушалиева;
* № 30 сайлау округі бойынша: Кубанычбек Самақов, Ұлан Бақасов, Жылдыз Таалайбек қызы;
* № 11 сайлау округі бойынша: Шайырбек Ташиев, Алтынбек Қылычбаев, Венера Салямова;
* № 20 сайлау округі бойынша: Темірлан Айтиев, Сейдбек Атамбаев, Токтобүбү Ашымбаева;
* № 15 сайлау округі бойынша: Нұрланбек Тұрғынбек уулы, Азизбек Тұрсынбаев, Айсарақан Әбдібаева;
* № 27 сайлау округі бойынша: Ақылбек Түмөнбаев, Табылды Мұратбеков, Гүлқан Молдобекова;
* № 2 сайлау округі бойынша: Ырысбек Атажанов, Бақтыяр Қалпаев, Бурун Аманова;
* № 10 сайлау округі бойынша: Құрманқұл Зулушев, Сүйінбек Өмірзақов, Гүлнар Баатырова;
№ 24 сайлау округі бойынша: Жұмабек Салымбеков, Ұлықбек Қарыбек уулы, Гүлнара Әкімбаева;
* № 28 сайлау округі бойынша: Ерұлан Кокулов, Болот Сағынаев, Рахат Жүнушбаева;
• № 5 сайлау округі бойынша: Эльдар Сулайманов, Азамат Исираилов, Айгүл Ахмедова;
* № 22 сайлау округі бойынша: Дастан Бекешев, Болот Ибрагимов, Гуля Қожоқұлова.

Бұған дейін ОСК № 16 округтегі дауыс беру қорытындысын бекітіп, онда Дастанбек Жұмабеков, Медер Чотонов және Медина Қайрылбекова Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланған болатын. 

Айта кетейік, Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттардың кезектен тыс сайлауы аяқталғанын жазған едік. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады

Қырғызстандағы парламент сайлауына қанша адам қатысқанын мына материалдан оқи аласыз. 

Сондай-ақ Қырғызстанда бір сайлау округіндегі парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар