Қырғызстандық шенеунік Асқар Ақаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді

Қырғызстандық шенеунік Асқар Ақаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді
Фото: Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті

АСТАНА.KAZINFORM – Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың экс-президент мәртебесін қайтару туралы үндеуіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Заң тұрғысынан алғанда, Асқар Ақайұлының Қырғыз Республикасының экс-президенті атағын иеленіп келе жатқаны даусыз. Егер біреу оны мәртебесінен айырғысы келсе, онда қазіргі уақытта А.Ш.Атамбаевқа қарсы толық импичмент рәсімі жүргізілуі керек. Бұл менің жеке көзқарасым, бірақ қазіргі уақытта біздің қоғамға өткен жылдардағы оқиғалар төңірегіндегі пікірталастар мен дауларға алаңдаудың қажеті жоқ. Керісінше күш-жігерімізді бүгінгі күннің міндеттеріне жұмылдырғанымыз дұрыс», - деп жазды Эдиль Байсалов Х желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Асқар Ақаев ел парламентіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап хат жолдағанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum