Қырғызстанның оңтүстігінде 3 баллдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның оңтүстігінде 3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлады, деп 24 kg жазды.

жер сілкінісі
Фото: freepik

Институттың мәліметінше, жер сілкінісінің дүмпуі 17 қаңтар күні 19:11-де тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Советский ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км, Сары-Өтек ауылынан оңтүстік-шығысқа 9 км, Қызыл-Коргон ауылынан оңтүстік-шығысқа 18 км және Баткен қаласынан солтүстік-шығысқа 42 км қашықтықта орналасқан.

Толқындардың күштілігі Советский ауылында 2,5 балл болды.

Еске сала кетейік, бұған Камчаткада магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Соңғы жаңалықтар