Қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — 1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады.

Қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.

Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Глеб Коваленя жүзуден Астанадағы әлем Кубогында ТОП-5 қатарынан көрінгенін хабарлаған едік.