Қысқы Азиада: Қазақстан қай спорт түрлерінен үмітті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына елімізден 139 спортшы қатысады.

зимний спорт
Коллаж: Kazinform

Жарысқа Қазақстан құрамасы алты спорт түрінен қатысады. Оның 71 ер адам болса, 68-і әйел. Бірнеше спорт түрінен алдағы ойындарға командалар тізімі анықталды.

Мәнерлеп сырғанаудан 8 спортшы бақ сынайды. 

Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда — Рахат Бралин.

азиада
Фото Әсем Касанованың жеке архивінен

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда — Анна Левковец.

Мұз үстіндегі би: Гаухар Наурызова / Байсанғұр Датиев.

азиада
Фото Әсем Касанованың жеке архивінен

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қасанова команданың жақсы жағдайда екенін айтты. Әр спортшы жеке жаттықтырушымен әртүрлі жерде жаттығып жатыр.

— Азия ойындарында еліміздің намысын ең үздік спортшылар қорғайды. Жаңа жыл алдында Алматыда Олимпиадаға дайындық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Ол жердегі атмосфера керемет болды, жігіттер өз көрсеткішін жақсартуға бел буды. Үш спорт түрінен медаль аламыз деген үміт бар: ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей коньки тебу және мұздағы би. Жеке конькимен жүгіруден әлем чемпионатының және төрт құрлық чемпионатының қазіргі жеңімпаздарымен жарысамыз. Сондықтан дода өте қызық болмақ, — деді Әсем Қасанова.

азиада
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы мүмкіндігінше көп медаль алуды мақсат етіп отыр. Команда толық құрамда жіберілді — 10 ер және 10 әйел.

Қазір олар Канадада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 24-26 қаңтар аралығында Калгариде өтетін әлем чемпионатының үшінші кезеңіне дайындалуда. Осыдан кейін, 27 қаңтарда команда Астанаға қорытынды жаттығуға келіп, 3 ақпанда Харбинге жол тартады.

азиада
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

ҚР конькимен жүгіру спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Панфилов команданың құрамы өткен жылдың қазан айында таңдалғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 15-17 қараша аралығында конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында Виталий Щиголев жеңімпаз атанды. 

Құрама спортшылары алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы командалық жарыста жеңіп алды.
Отандастарымыз бағдарламаның осы түрінен үшінші орынға қол жеткізді. Бірінші орынды Канада, ал екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді. 

азиада
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

— Соңғы рет Азия ойындары 2017 жылы өткен болатын. Ол кезде конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы небәрі екі медаль жеңіп алды: 1000 метрге жүгіруде күміс және ерлер арасындағы командалық жарыста қола. Бұған дейін 2011 жылы Астанада өткен Азия ойындарында біздің құраманың қоржынында бес медаль түсті. Атап айтар болсам, 1500 метрге жүгіруде алтынды Денис Кузин, 5000 метр және 10 000 метрге жүгіруде Дмитрий Бабенко күміс, сондай-ақ командалық жарыс қола медальдар иелендік. Қазір 2017 жылдың қорытындысымен салыстырғанда біздің команданың деңгейі айтарлықтай өсті. Азия елдері арасында рейтингте жоғары орындарды иеленген жас спортшыларымыз көп, — деді Александр Панфилов.

Ол сондай-ақ Азия ойындарындағы бәсеке айтарлықтай жоғары болатынын тілге тиек етті.

азиада
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

Шаңғы жарысынан біздің команданың да биылғы маусымда жұмыс кестесі тығыз. Команданың ірі жарыстарға дайындығы мамыр айында жасалған алдын ала бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр.

Спортшылар негізгі дайындық кезеңін аяқтап үлгерді: көктемде, жазда және күзде Рука (Финляндия) және Норвегияның Лиллехаммер қалаларында халықаралық жарыстар мен әлем кубогына қатысты. 

Қазақстан шаңғышылары Щучинск қаласында өткен Шығыс Еуропа кубогының бірінші күнінде алты медаль жеңіп алды.

Қаңтар айының басында қысқа демалыстан кейін команда Щучьеде оқу-жаттығу жиынын бастады.

азиада
Фото Александр Батяйкиннің жеке архивінен

— 15-20 қаңтар аралығында өтетін негізгі іріктеуге дайындалып жатырмыз, ал 22 қаңтарда Алматыда AIBA базасында өтетін дайындықтың қорытынды бөлімі басталады. Онда спортшылар таулы жағдайда жаттығады, ал 4 ақпанда құрама Азия ойындарына қатысу үшін Қытайға аттанады. Қазіргі уақытта біз Азия ойындарына қатысуға үміткерлерді анықтадық. Тізімде маусым бойы жақсы нәтиже көрсеткен 8 қыз бар, сонымен қатар 10-12 ер азаматты да қарастырып жатырмыз. Әрине, көшбасшыларға назар аударылады, бірақ спорт ашық болуы керек. Сондықтан біз қазіргі уақытта физикалық жағынан мықты барлық спортшыға мүмкіндік береміз. Олардың ең үздіктері Азия ойындарына қатысуға жолдама алады. Командалардың соңғы тізімі 20 қаңтардан кейін белгілі болады, — деді бас бапкер Александр Батяйкин.

Үміткерлер қатарында Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Анна Мельник, Святослав Матасов, Виталий Пухкало, Владислав Ковалев, Ернар Нұрсбеков, Федор Карпов, Олжас Климин, Константин Борцов, Наиль Башмаков және Дастан Қалибеков бар.

азиада
Фото Александр Батяйкиннің жеке архивінен

— Бізде мақсаттар мен міндеттер бар, бірақ сонымен бірге біз әрқашан бәсекелестерімізді бағалаймыз. Қытай құрамасына келетін болсақ, олар туралы әлі ештеңе білмейміз. Соңғы уақытта олар Норвегия, Швеция, Ресейден келген мықты мамандармен жұмыс істеп, Олимпиада ойындарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Қытай біз үшін «жұмбақ», әсіресе олардың туған жерінде жарыс өтетіндіктен, ал үйде қабырғаның өзі қолдау болады. Сондықтан келіп, бәрін жеңеміз деп айтуға болмайды. Соңғы жылдары бәсекелестік айтарлықтай өсті және Азияда қысқы спорт түрлері өте қарқынды дамып келеді. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарын еске алсақ, жапондықтар белгілі бір жарыстарда бізге бәсекелестік туғызғанымен, біз ол кезде басымдық таныттық. Қазір Қытай, Жапон мен кәрістердің мықты спортшылары бар, сондықтан алда салмақты жекпе-жек күтіп тұр. Жақсы өнер көрсетуге тырысамыз, дайындалуға әлі уақыт бар, — деді А.Батяйкин.

Сонымен қатар, Батяйкин Харбиндегі қатал климаттық жағдайларға назар аударды.

— Ол жақта ауа райы қатты аяз, жол да ауыр, биіктікте үлкен айырмашылық болады. Біз осының бәрін ескереміз. Сол себепті қазір солтүстікте, Щучьеде сол шарттармен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Содан кейін біз тау әсерлерін алу үшін Алматыға аттанамыз. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына дейін бізде осындай оқу-жаттығу жиындары болған, сондықтан тәжірибеміз бар, — деп қосты ол.

Команда көшбасшыларының бірі Ангелина Шурыга да Азия ойындарынан күтетін ойымен бөлісті.

— Командадағы атмосфера жақсы. Бәрі жеңістен үмітті, соған дайындалып жатыр. Біздің қарсыластар мықты. Жапония мен Қытай әйелдер құрамасы өкілдері әлем чемпионаты кезеңдерінде тұрақты түрде үздік 30-қа кіреді. Сондықтан бізді қиын жекпе-жек күтіп тұр. Қарсыластарымыздың бәрі мықты, бірақ медаль алу мүмкіндігіміз жоқ емес. Спортта сіз ешқашан 100% сенімді бола алмайсыз, өйткені бәрі тез өзгеруі мүмкін, бірақ біз бар күшімізді саламыз және жүлделі орындарға ұмтыламыз, —деді ол.

Кёрлингтен Қазақстан құрамасы да Азия ойындарына қызу дайындық үстінде. Бұған дейін жаттықтырушылар штабы медальдардың негізгі фавориттерін атаған болатын. Тізімде 12 спортшы бар. 

азиада
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

Олар — Ангелина Эбауер, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір, Регина Эбауэр, Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мусаинов, Арман Иржанов, Азизбек Нәдірбаев, Әмина Кәкімжанова.

1996, 1999, 2011 және 2017 жылдардағы Азия ойындарында алтын алған қазақ хоккейшілері мен шорт-трекшілердің медаль алуға мүмкіндігі бар, дегенмен Қазақстан құрамасы бұрын-соңды жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген емес.

коньки
Фото Александр Панфиловтың жеке архивінен

Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік турдың үздік бестігіне енді.

Харбин қаласы қысқы Азия ойындарын екінші мәрте өткізгелі отыр. Бұған дейін, ІІІ қысқы Азия ойындары 1996 жылы осы қалада өтіп, 17 ел/аймақтан келген 458 спортшы сынға түскен болатын. Қазақстан құрамасы сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-орыннан көрінген. 

азиада
Фото Әсем Касанованың жеке архивінен

Еске салсақ, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Осыған дейін Ақ Азиаданың Харбин қаласындағы мұз спорты өтетін 5 арена және Ябули тау шаңғысы курортында 8 жарыс алаңында өтетінін жазған едік.

Азия ойындарына шығарып салу рәсімін 30 қаңтар күні Астана қаласындағы «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан спортшыларының Қысқы Азия ойындарына киетін формасын демеушілер тігіп берді.

Бұдан бөлек, Азия ойындарында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатынын жазған болатынбыз. 

14 қаңтар күні Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қысқы IX Азия ойындарына дайындық барысы қаралды.

Соңғы жаңалықтар