Қысқы Азиадаға қатысатын хоккейден Қазақстан құрамасы белгілі болды

АСТАНА.KAZINFORM - Қысқы Азия ойындарында сынға түсетін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Казахстан - Канада, хоккей на Универсиаде
Фото: icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және Қытайлық Тайбэй.

Қазақстан құрамасының тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс», Астана), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», ВХЛ), Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», ВХЛ);

Қорғаушылар: Иван Степаненко («Хумо», Ташкент), Темирлан Гайтамиров, Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр (барлығы - «Барыс», Астана), Дмитрий Бреус («Торпедо», КХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау);

Шабуылшылар: Артём Королёв, Роман Старченко, Кирилл Савицкий, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Руслан Оспанов (барлығы - «Барыс», Астана), Дмитрий Гренц, Артём Лихотников (екеуі - «Хумо», Ташкент), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон», ВХЛ).

Еске салсақ, «Барыс» он екі жеңілістен кейін сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар