Қысқы Олимпиада алдында қытайлық робот шамамен 100 шақырым жол жүрді

АСТАНA. KAZINFORM — Қытайлық компания G1 роботының төзімділігін сынау үшін оны қатты суыққа шығарды. Ол қарлы алқапты ойдағыдай еңсерді, деп хабарлайды Cnevpost.com.

Қысқы Олимпиада алдында қытайлық робот 100 шақырым жол жүрді
Фото: Видеодан скрин

Робот 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары алдында -47°C температурада 130 000 қадамды (шамамен 100 км) жүріп өтті. Ол қарлы алқапқа ұзындығы 186 метр және ені 100 метр болатын Олимпиада ойындарының эмблемасын салды.

Өндірушілер роботтың төзімділігін көрсету үшін Unitree G1 моделін Қытайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Алтай аймағындағы кеңістікке жіберді. Роботқа қардан қорғайтын күртеше мен аяқ киім сияқты пакет кигізді.

Өндірушілердің айтуынша, бұл адам тәртізді роботтың өте төмен температурада алғаш жүруі. 

Қытайдың Beidou спутниктік жүйесі нақты уақыт режимінде сантиметрлік дәлдікпен навигацияны қамтамасыз етті. Сондай-ақ оның адаптивті траекторияны жоспарлау мүмкіндіктері бұл мәселені шешуге көмектесті.

Айта кетейік, Қытайдың адам бейнесіндегі роботтары әлемдік нарықты жаулай бастады. Робот өндіру саласындағы жетекші компаниялардың бірі Unitree Robotics өткен жылы мұндай роботтардың нақты саны 5 500 данадан асқанын жариялады. Ал сериялық өндіріс көлемі 6 500 бірліктен көп болды.

Соңғы жаңалықтар