Қысқы универсиада: Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы Қысқы универсиадада Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады. Бұл жолы ол жұптық фристайл-могулдан жеңіс тұғырына көтерілді.

Жұптық фристайл-могул сайысында ел намысын Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова қорғады. Нәтижесінде Анастасия үздік шығып, чемпиондыққа қол жеткізді. Ал Аяулым Әмренова бұл жарыста екінші орыннан көрінді.

Айта кетсек, 14 қаңтарда ол ел құрамасы қоржынына Анастасия Городко фристайл-могулдан алғашқы алтын медальді салған еді.
Анастасия Городко 2005 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Қазірге дейін 2021 жылы Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында параллелді могулда қола жүлде алды.
Бүгінде ол Қазақ спорт және туризм академиясында 3 курс оқиды.
Сондай-ақ фристайлда жұптық-могулдан ерлер арасында Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Денис Зинов парашаңғышылар арасында 10 шақырымға еркін жүрістен күміс алса, Роман Құрбанов қола медаль иеленді.