Қысқы Универсиада: Қазақстан ерлер арасындағы студенттер құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан ерлер арасындағы студенттер құрамасы белгілі болды. Студенттік ойындар 13-23 қаңтар аралығында Италияда өткізіледі.

Қысқы Универсиада
Фото: icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Олар алғашқы алғашқы ойынын 12 қаңтарда Швецияға қарсы өткізсе, одан кейін 14 қаңтарда Оңтүстік Корея, 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады. 

Қазақстан құрамасының хоккейшілері:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Магнитка», ВХЛ), Владимир Никитин («Снежные барсы», МХЛ), Максим Павленко («ВДВ-Рязань, ВХЛ)

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жусупбеков, Глеб Решетько, (барлығы - «Снежные Барсы», МХЛ), Иван Гавриленко («Торпедо», Өскемен), Кирилл Никитин, Абылайхан Сулейменов (екеуі – «Номад», Астана), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)

Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Кирилл Ляпунов, Семен Симонов (барлығы - «Снежные Барсы», Астана), Олег Бойко, Николай Шульга (екеуі - «Барыс», КХЛ), Андрей Буяльский (НСА), Руслан Демин («Сарыарқа», Қарағанды), Диас Гусейнов, Данил Цыбин (екеуі - «Номад», Астана), Максим Мусоров, Александр Панченко, Ян Тютюньков (барлығы - «Торпедо», Өскемен), Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау).

Айта кетсек, аталған додаға шайбалы хоккейден еліміздің қыздар арасындағы құрамасы да қатысады. 

Еске салсақ, қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионаты жоғары дивизионынан түсіп қалды. 

Соңғы жаңалықтар