Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді.

Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді.

Медальдар саны жөнінен Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар 4 алтын, 1 күміс, 1 қола алып үлгерді.

Финляндия құрамасы 2 алтын, 2 күміспен үшінші орында тұр.

Қазақстан қоржынына қос алтынды да фристайлшы, 19 жастағы Анастасия Городко салды. Ол алдымен фристайл-могулда алдына жан салмады. Содан кейін фристайл жұптық-могулда жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 км) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км) қола медальға қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қысқы Универсиадада Анастасия Городконың фристайлдан чемпион атанғанын жазған болатынбыз.

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

 

Соңғы жаңалықтар