03:10, 22 Мамыр 2024 | GMT +5
Қытай аумағында жер сілкінді
![Қытай аумағында жер сілкінді Қытай аумағында жер сілкінді](/static/img/plug.webp)
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:11-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,8. MPV Магнитудасы 4.0.
Жер сілкінісінің координаттары – 43,55° с.б. 82,12° ш.б. Тереңдігі – 10 км.
Қазақстан Республикасының аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.