Қытай бірнеше мәрте қолдануға болатын зымыран ұшырды

АСТАНА.KAZINFORM - Сәрсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағында LandSpace компаниясы дайындаған көп рет пайдалануға болатын Чжуцюэ-3 зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай осуществил запуск многоразовой ракеты, возвращение первой ступени завершилось неудачей
Фото: CGTN

Бірінші ұшырылым кезінде зымырантасығыш Жерге қайтып келе жатып өртеніп, қону алаңына жеңіл қона алмады. Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. 

Енді ғарыш аппаратының екінші буыны жоспарланған орбитаға шықты. 

Компания өкілдері миссияның Чжуцюэ-3 құрылымы мен оның орналастыру жүйесі жұмысқа қабілетті екенін атап өткенін жеткізді. Миссия өкілдері ұшуға қатысты маңызды мәліметтер жинап, болашақ ұшырылымдардың негізін қалауға, буындарды қалпына келтіруге мүмкіндік алғандарын айтты. 

Айта кетейік, Чжуцюэ-3 сұйық оттегі мен метанмен жұмыс істейді. Зымыран бағасы арзан, жүк көтеру қабілеті жоғары әрі жиі қолдануға арналған. 

Reuters-тің жазуынша, LandSpace Қытайдың технологиялық жағынан ең озық, жеке зымыран компаниясына айналған және ол Илон Масктің SpaceX-іне жақын нұсқа болып отыр. 

Ол америкалық бәсекелестерінің стратегиясының ізімен келе жатыр және оны көп рет қолдануға болады. 

Осыған дейін Қытайда атмосферадан су жинау жүйесі жасалғаны туралы жаздық. 


Соңғы жаңалықтар