Қытай елшісі аймақтық қауіпсіздіктің үш негізгі қатерін атады
АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Азия елдері мен Қытай қауіпсіздік және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Бұл туралы Астанада өткен Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы 2025 жылғы гуманитарлық алмасу бойынша мемлекеттік басқару және диалог жөніндегі симпозиумда сөз сөйлеген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мәлімдеді.
Дипломаттың айтуынша, бұл салада ынтымақтастық геосаяси тәуекелдер мен трансұлттық қатерлерді қоса алғанда сын-қатердің өсуі жағдайында ерекше маңызды болып отыр.
– Қытай түрлі сын-қатер алдында Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп, «Қытай-Орталық Азия» механизмі аясында көпжақты платформаларды нығайтып, қауіпсіздік саласыннндағы Жаһандық бастамасын жүзеге асыруға жәрдемдесуді және аймақтық қауіпсіздік тетіктерін жетілдіруді көздеп отыр, - деді Хань Чуньлинь.
Ол радикалды ағымдармен бірлесіп күресудің маңыздылығына ерекше тоқталып, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ұжымдық күш-жігер қажеттігін атап өтті.
– Біз «үш зұлым күш» деп аталатын лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы бірлескен күресті күшейтіп, аймақтың тұрақты дамуына қолдау көрсетіп, сенімді қауіпсіздік қалқанын бірге құруымыз керек, - деп атап өтті дипломат.
Сөз соңында Хань Чуньлинь қиын жаһандық контексте бірліктің маңыздылығын еске салды.
– Жаһандық тұрақсыздық жағдайында біз көпжақты ынтымақтастық жолын бірлесіп ұстануымыз керек, - деді ол.
Қытай тарапының пікірінше, ұжымдық қауіпсіздікті нығайту аймақтағы стратегиялық әріптестіктің ажырамас бөлігіне айналып отыр.