Қытай ғарышта дата-орталықтар салады

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжің ғылым және техника комитеті жерден 700–800 км биіктікте 16 ғарыштық деректерді өңдеу орталығын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай построит дата-центры в космосе
Фото: Синьхуа

Бұл ғарыштық кешендер орбиталық есептеу платформаларын, ретрансляциялық тораптарды және жердегі басқару жүйелерін біріктіріп, деректерді өңдеу мен жеткізуге арналған таралған инфрақұрылымды құрайды.

Нысандардың құрылысы 2035 жылға дейін аяқталмақ. Болашақ ғарыштық дата-орталықтарға арналған тәжірибелік спутниктің әзірлемесі аяқталды. Оның ұшырылуы 2025 жылдың соңына немесе 2026 жылдың басына жоспарланған.

Жобаны іске асыру үшін Бейжіңдегі Astro-future ғарыш технологиялары институтының жетекшілігімен инновациялық консорциум құрылды. Оған өндірістік тізбектің 24 ұйымы кірді.

Консорциум ғарыштық дата-орталықтарды жасанды интеллект, мобильді байланыс, жаңа материалдар және энергетика саласындағы технологиялармен интеграциялауға да жауапты болады.

Бейжің ғылым және техника комитетінің мәлімдеуінше, бұл жоба коммерциялық ғарыш саласы мен жасанды интеллектті біріктірудегі стратегиялық қадам болып, жаңа технологиялық тізбектердің қалыптасуына жол ашады.

Бұған дейін Қытайдың «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесін ұшырғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар