Қытайда 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай аумағында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 19:02-де болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 42,64 градусы мен шығыс бойлықтың 83,26 градусы координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3, энергетикалық класы K=10 болды.
Бұған дейін 29 қазан кешінде Қытайда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.