Қытайда 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 20 қазан күні Қытайда 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, дүмпу Астана уақытымен 05:56-да (Гринвич уақытымен 00:56) тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 41,01 градусы мен шығыс бойлықтың 84,09 градусы аралығында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,9-ды, ал ошағының тереңдігі 17 шақырымда болды.
Бұған дейін магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі Тәжікстанда тіркелген болатын.
Қазақстанда биыл 1 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді.