Қытайда 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін сейсмологтар Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылдың 29 тамызында Астана уақыты бойынша таңғы сағат 3:07-де Қытай аумағында тіркелді.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік бойынша 42,36 градус, шығыс бойлық бойынша 80,45 градус. Магнитудасы mb = 5,1. Энергетикалық класы K = 11,7.
24 тамызда Қытайдың Сычуань провинциясында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.