Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Ганьсу провинциясында 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазды REPORT

зілзала
Фото: Анадолы

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Динси қаласынан оңтүстікке қарай 71 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Табиғи апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Екі күн бұрын Венесуэлада 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар