Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда алғаш рет гуманоид робот докторантураға қабылданды. Ол «драма және кино» мамандығы бойынша оқитын болады, деп жазды South China Morning Post басылымы.

Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға қабылданды
Фото: South China Morning Post

Xueba 01 атты робот Қытайдағы жетекші өнер оқу орындарының бірі — Шанхай театр академиясына (STA) қабылданды. Ол докторантура бағдарламасы аясында дәстүрлі қытай операсын тереңдетіп зерттейді. Сабақтар 14 қыркүйекте басталады. Оқыту құны жарияланған жоқ.

Бұл робототехника саласындағы докторантура бағдарламасы — өнер мен технологияны біріктіруге бағытталған ғылыми жобаның бір бөлігі.

Роботтың сипаттамасы:

  • Биіктігі: 1,75 метр

  • Салмағы: шамамен 30 келі

  • Сыртқы келбеті: силикон терісі бар сымбатты ер адамға ұқсайды

  • Киімі: көзілдірік, көйлек және шалбар

  • Тілі: адамдармен қытай тілінде сөйлеседі

Робот докторанттармен бірге опералық қойылымдарды дайындықта жасап, сабақтарға қатысып отырады.

Бұрынғы жетістігі:

Xueba 01-дің алдыңғы нұсқасы дүниежүзіндегі алғашқы гуманоид жартылай марафонында үшінші орын алған.

Қоғамдық реакция:

Жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

— Xueba 01 — адам мен робот арасындағы қатынастарда маңызды миссияны өз мойнына алды. Біз ақыры роботтармен бірге өмір сүріп, бірге білім алатын деңгейге жеттік. Оның жолы болсын!, — деп бір қолданушы жазды.

Алайда скептикалық көзқарас білдірген де болды.

— Өнерге өмірлік тәжірибе керек. Алгоритммен басқарылатын роботтың туындылары адамдардың жүрегіне шынайы әсер ете алмайды, — деп жазды басқа қолданушы.

Айта кетейік, бұған дейін гуманоид роботтың Дубайда жолдан жүгіріп өткен видеосы әлеуметтік желілерде вирусқа айналған болатын.

Соңғы жаңалықтар