Қытайда алғашқы адам тәрізді роботтар дүкені ашылды

АСТАНА.KAZINFORM - Бейжіңде механикалық күтушілерден бастап Альберт Эйнштейннің гуманоидты көшірмелеріне дейін сатылатын Қытайдың алғашқы адам тәрізді роботтар дүкені ашылды, деп хабарлайды ВВС.

гуманоидты роботтар
Фото: Синьхуа

Робот бағасы 2000 юаньнан (278 доллар) бірнеше миллион юаньға дейін жетеді.

Сатылымдағы заттар дәрі-дәрмекті тарата алатын гуманоид роботтардан бастап құймақ аудара алатын, кофе қайнататын және баскетбол доптарын лақтыра алатын машиналарға дейін бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келушілер роботтардың сан түрін алады.

Сондай-ақ бөлшектерді ауыстыру және роботқа техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынатын жеке бөлім бар.

Дүкен роботтар келушілерге қызмет көрсететін және механикалық аспаздар тағам дайындайтын тақырыптық мейрамхананың жанында орналасқан.

Қытай робототехника саласына көбірек көңіл бөлуде: соңғы бір жылда бұл саладағы субсидия көлемі 20 миллиард доллардан асты.

Қытай осылайша экономикалық өсудің баяулауы, халықтың қартаюы сияқты проблемаларды еңсеруге тырысып жатыр.

Бұған дейін Қытайда алғаш рет робот докторантураға түскенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар