Қытайда роботтар гала-концерт өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Шанхайлық AgiBot антропоморфты жүйелерін әзірлеуші компания көктем мерекесі қарсаңында ауқымды гала-концерт ұйымдастырып, робототехниканы креативті индустрияға интеграциялау мүмкіндігін көрсетті, деп хабарлайды China Daily.
Кешкі шараға 200-ден астам гуманоид робот қатысып, күрделі хореографиялық бағдарламаны орындады. Қойылым аясында синхронды билер мен жекпе-жек өнерінің элементтері ғана емес, комедиялық сахналар мен иллюзиялық нөмірлер де ұсынылды.
Концерттің сәтті өтуі антропоморфты технологияларды қолдану ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін әзірлеушілердің негізгі назары өнеркәсіп секторы мен өндірістік процестерді автоматтандыруға бағытталса, енді сала жаппай ойын-сауық және мәдени жобалар бағытында дамуға дайын екенін байқатып отыр.
Шанхайлық AgiBot компаниясы ірі театрлардан, концерт залдарынан және ғылыми-техникалық музейлерден ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар алғанын мәлімдеді. Олар кеш бағдарламасын тұрақты түрде көрсету үшін толық құқықты сатып алуға дайын екенін білдірген.
Бұған дейін Қытай әлемдегі ең жылдам адамға ұқсас роботты таныстырғаны хабарланған болатын.
🥋 Robots showing off various kinds of Chinese Kungfu
— AGIBOT (@AGIBOTofficial) February 8, 2026
Witness the future of martial arts: robots master classic Chinese Kung Fu, including stunning Drunken Fist and breathtaking fire staff performances.
Precise, powerful, and perfectly choreographed — this is not just a show,… pic.twitter.com/D9AHSXVLs6