01:03, 03 Тамыз 2025 | GMT +5
Қытайда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — 2 тамыз күні Астана уақытымен 20:57-де (Гринвич уақыты бойынша 15:57) Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Kazinform агенттігі ҰЯО сейсмикалық станциялар желісінің жедел деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі келесі координаттарда орналасқан: солтүстік ендік – 40.00°, шығыс бойлық – 77.31°.
Жерасты дүмпуінің магнитудасы mb=4.8, энергетикалық класы K=11.7.