Қытайда жерлеу рәсімдерінде дрон мен ЖИ қолдану пікірталас тудырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда дроннан жасалған рақымшылдық құдайы және жасанды интеллект қолданылған жерлеу рәсімінің видеолары қоғамда қызу пікірталасқа себепші болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі SCMP-ге сілтеме жасап.
Жерлеу рәсімінде жоғары технологияларды қолдану керек пе, әлде көнеден келе жатқан дәстүрді сақтаған дұрыс па деген сұраққа жауап іздеп қытай қоғамындағы пікір екіге жарылған.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбаларда кешкі ауыл ауласында қарт адамның жерлеу рәсіміне жиналған ондаған туыстары көрсетілген. Жарықтандырылған екі дрон әуеге көтеріліп, дауыстық хабарламалар таратып, біртіндеп ұзап барады.
Адам бейнесіндегі дрон-тырна марқұмның жасанды интеллект арқылы синтезделген дауысымен дұға оқып, отбасына тыныштық пен денсаулық тілейді. Артынша дрон әйел дауысымен сөйлеп, марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға келгенін айтады.
Жерлеу рәсімінің қайда өткені айтылмаған. Жерлеу рәсімін өткізумен айналысатын фирма өкілдерінің айтуынша, осындай бір жұп дронды жалға алу құны шамамен 10 000 юань (1500 доллар), дәстүрлі діни рәсімдерді өткізетін монахты шақырсаңыз да осыншама қаражат кететін көрінеді.
Желі қолданушыларының реакциялары екіге бөлінді. Кейбіреулер ұйымдастырушыларды «бизнес данышпандары» деп атап, қоштасу рәсімдерінің жаңа форматтарының пайда болғанын айтса, енді біреулер бұл идеяны сынға алып, дрондардың қойылымын «абсурд», қаралы үйге сәйкес келмейтін жағдай деп атады.
Бұған дейін Қытай эмоционалды тәуелділік қаупіне байланысты ЖИ серіктестерін шектейтіні хабарланған.
ЖИ жасаған қытайлық сериал 4 млрд қаралым жинады.
Қытай жасанды интеллектіні қауіпті ауа райын болжауға үйретті.