Қытайдағы Нинбо турнирі: Елена Рыбакина екінші жыл қатарынан финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші және әлемнің 1-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды.

The Times of Central Asia: Казахстанка Елена Рыбакина станет первой ракеткой мира
Фото: Hameltion

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдерге қарсы келді.

Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңген еді.
Бұл жолы бірінші сетте есеп 3:2 болған сәтте Елена брейк жасай алды. Содан кейін 11-сетболын пайдалана білді – 6:3.

Екінші партияда Е.Рыбакина брейк жасап, 5:3 есебімен алға кетті. Алайда матчқа доп бергенде, Шнайдер брейкпен жауап берді – 5:5. Дегенмен Елена тағы бір брейкке қол жеткізіп, ойынды жеңіспен түйіндеді – 7:5. 

Бір сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Шнайдер 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. 
Елена Рыбакина финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы жолдан тайдырды – 6:3, 7:5.

Өткен жылы қазақстандық теннисші Нинбода үздік шыққан еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қытайдағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік. 

Сондай-ақ Алматы турнирінде Бублик 2024 жылғы чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты.