Қытайдың оңтүстік-батысында 4,7 магнитудалы жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік-Батыс Қытайдағы Сицзан автономиялық ауданындағы Нагчу қаласының Шуанху уезінде сейсенбі күні таңертең сағат 08:03-те 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық қызметтері хабарлады.
Зілзаланың эпицентрі 33,97° солтүстік ендік пен 87,77° шығыс бойлықта орналасқан, тереңдігі — 10 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрден 50 км радиуста әкімшілік орталықтар мен елді мекендер жоқ.
— Біз жер сілкінісі туралы ақпарат түскен бойда жағдайды дереу бағалап шықтық. Қазіргі сәтте қаза тапқандар мен жарақат алғандар, сондай-ақ материалдық шығындар туралы мәлімет жоқ, — деп хабарлады Шуанху уезінің төтенше жағдайлар басқармасы.
Осыған дейін Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.