Қытайлық автоөндіруші 90 мыңға жуық көлігін қайтарып жатыр
АСТАНА.KAZINFORM - Қытайлық BYD автоөндірушісі аккумулятор жүйесіндегі қауіпті ақауға байланысты 88 981 гибридті көліктерін қайтарып алатынын хабарлады.
BYD Automobile Industry Co., Ltd. және BYD Auto Co., Ltd. компаниялары 2021 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қыркүйегі аралығында шығарылған Qin PLUS DM-i көліктерін қайтарып алу жоспарларын SAMR-ға ұсынды.
Кейбір қайтарып алынған көліктерде өндіріс кезінде туындаған аккумулятор біркелкілігінде мәселелер анықталғаны туралы хабарланды. Бұл ақаулар аккумулятордың тарту күшін азайтуға және кейбір жағдайларда электр режимінде жүре алмауға әкелуі мүмкін.
Компания 28 қарашада басталған кері қайтарып алу нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқарма бастамашылық еткен ақауды тергеу қорытындысы бойынша жүргізілетінін атап айтты.
BYD жоспарына сәйкес, уәкілетті дилерлерге диагностикалық жүйенің бағдарламалық жасақтамасын қашықтан жаңартуды тегін орындау тапсырылды. Жаңартудан кейін, тартқыш батареяның жұмысында ауытқулар анықталсе, құралдар тақтасында ақаулық шамы жанады және иесіне батарея жинағын тегін ауыстыру үшін дилерлік орталыққа жүгіне алады.
Қайтару туралы хабарлама клиенттерге BYD ресми дилерлері арқылы пошта, телефон және SMS арқылы жіберіледі.
Біз бұған дейін қытайлық және неміс электромобильдері Tesla-ны еуропалық нарықтан ығыстырып жатқанын жазғанбыз.