Қиын баланы бейімдеу орталығына беруді көздейтін заңнамалық норма жұмыс істемейді - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қиын баланы бейімдеу орталығына беруді көздейтін заңнамалық норма жұмыс істемейді. Бұл туралы «Қазақстан балаға жақын» атты республикалық конференция барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.
None
None

Жасөспірімдердің қылмысына байланысты шешілмеген проблемаларды айта келе И. Лепеха қиын балаларды түзеу колонияларына оқшаулаудың орнына бұрын заңнамалық деңгейде мұндай жасөспірімдерді кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған орталыққа немесе патронаж отбасыларға беруді көздейтін норма енгізілгенін хабарлады.

 «Бұл халықаралық тәжірибені зерделегеннен кейін қолданылған жақсы  тәсіл  болғанына қарамастан, өкінішке орай норма жұмыс істемейді. Практикада бейімдеу орталығының басшылығы арнайы үй-жай, күзеттің жоқтығын  сылтауратып, мұндай балаларды алудан бас тартады,  ал патронаж отбасылар қиын жасөспірімдерді тәрбиелеуге дайын емес», - деді ІІМ өкілі.

Бұл проблеманы шешу үшін министрлік елдің барлық өңірлерінде осындай орталықтар ашқан жағдайда,  мінез-құлқы нашар балаларға арналған жеті арнайы ұйым базасында ерекше блоктар құруды ұсынады.

«Біз ҚР БҒМ-мен бірге бұл мәселені аяғына дейін жеткізуіміз қажет. Егер норма заңда болса, ол жұмыс істеуі тиіс», - деп сөзін түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар