Қиындықтарға қарамастан Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орындалды ? есепті кездесулер

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда жергілікті жерлердегі атқаруші билік басшыларының есеп беру науқаны қыза түсуде.
None
None
Биылғы жылы облыс әкімі Әділғазы Бергенов қалалар мен аудандар әкімдерінің негізгі есепті кездесулеріне бастан-аяқ тікелей өзі қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаңтардың 12-сінен бері өңір басшысы Ә.Бергенов Курчатов, Бесқарағай, Қарауыл, Риддер, Қатонқарағай әкімдерінің есеп беру жиналыстарына қатысты. Бүгін облыс әкімі бастаған департамент басшылары тобы Зырян ауданына аттанды, ертең осындай кездесу Шемонайхада, одан кейін Бородулиха ауданында өтпек. Қаңтардың 22-сінен бастап ШҚО әкімі облыстың шалғай өңірлері ? Үржар, Зайсан, Тарбағатай және басқа аудандарда есеп беру жиналыстарына қатысады. Есеп беру жиналыстарында өңір басшысы әлемдегі және елдегі экономикалық қимыншылықтар туралы әңгімеледі, Үкіметтің және жергілікті атқару органдарының қолға алған тұрақтандыру шаралары туралы әңгімелеп берді. Әкім қиындықтарға қарамастан Шығыс Қазақстан облысының негізгі экономикалық көрсеткіштері орындалғанын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар