«Қыздан алғанды қынға жақ». Дəстүрлі қалың мал қалай болған
АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Kazinform агенттігі назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады.

Ежелгі қазақ əдет-ғұрпында «қалың мал» құдалар арасындағы береке-бірлік пен татулықтың дəнекері ғана болған. «Қыздан алғанды қынға жақ» деп, қалың малды ешқашан, еш уақытта байлық қайнары, кісілік мақсат-мұрат есептемеген. Керісінше, «құрыған адам құда сын қинайды, білімді адам құдасын құдайындай сыйлайды» деп қарап, құдаларына «жоқты тап, жорға-жүйрігің мен жылт еткеніңнің бəрін маған бер» деп сұрағанды, «жақынын қазған жалшымайды» деп, ондайа дамдарды нағыз жарымаған, көргенсіз деп есептеген.
Қазақ халқының алыс-беріс, барыс-келіс істерінің бəрінде көз жəне көңіл таразысы жəне кісілік өлшемі болғаны сияқты, қалың малыныңда белгілі өлшемі, шегі, саны, аты-жөні, түрі болған. Тіпті «қалыңсызқыз болса да, кəдесіз қыз болмайды» деп, құдалық дəнекер, қуаныш сыйлығы ретінде тегін берген қыздардан да əртүрлі кəделер алып, кəделер берген. Қазақ халқының қалыңмалы, əл-ауқаты əртүрлі адамдарды көз де ұстай отырып белгіленген. Алайда, «бай мен бай құда болса, арала-рында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса, араларында дорба жүреді» дегендей, əр адам өз əл-ауқатына қарай алыс-беріс жасаған. Ол негізінен мынадай түрге бөлінеді:
1. Дəстүрлі қалыңмал – бір түзу мылтық, бір берен сауыт, бір жүйрік ат жəне малдығы артық бір түйеден тұрады.
2. Қара мал – жиырма ірі қарадан тұрады. Мұнда, құлын, тай, бұзау-таналар да түгел бір қараға есептеледі.
3. Ілу – күйеу жігіттің қызын жақсы тəрбиелеп есейтіп-ер жеткізгені үшін енесіне міндетті түрде беретін ат, түйе секілді зат. Егер жігіт ілуге көп қаражат жұмсаса, онда қалыңмал азайтылады.
4. Сүт ақы – жігіт жақтың, қыз анасына беретін заты, яғни, ананың аналық ақ сүтінің бодауына берілетін сыйақы.
5. Жігіт түйе – қыз əкесіне «ата күшіне» деп беретін зат, яғни, əкек үшінің бодауына берілетін сыйақы.
6. Той малы – қыз тойына жігіт жақ апаратын сойыс мал. Əдетте, той мал бір ірі қара, екі ұсақ малдан жоғары болады.
7. Дөңгелек қалың – 10–15 ұсақ мал немесе соған балама ретінде беретін бір жылқы немесе бір сиыр.
8. Балама қалың – 10–15 ұсақ мал орнына беретін бір тəуір жылқы.
9. Олқы қалың – алатын қалыңдығы өліп, оның орнына балдызын алғанда төлейтін 37 ірі қара.
Қазақ салтында бардам адамдардың қалыңға беретін малдарын бөлу үстінде «құрық бауға» деп жылқышылар бір мал, «қосақ бауға» деп қойшылар бір мал алса, ал бата жасағандар «келін тілі» деп бір мал алып қалады. Жоғарыда айтқандай, қазақ халқының дəстүрлі қалың малы – бір түзу мылтық, бір берен сауыт жəне бір жүйрік ат пен малдығы артық бір түйе ғана болған. Бірақ, ол бардам адамдарға қаратылған. Ал, қолы қысқа адамдар «орамал тон болмайды, жол болады» деп, барымен базарлап, бір дəн болса бөліп, жарты дəн болса жарып жеп, өмір бойы тату-тəтті өткен.
Материал Айып Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кінабына негізделіп дайындалды.