Қызылорда қаласында есірткіні жарнамалайтын 50-ден астам граффити-жазулары жойылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-жазулары жойылды.
Биыл 286 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 72 есірткі өсіру, 18 өткізу, 6 аса ірі көлемде сақтау, 18 жарнамалау және 107 теріс қылық жағдайы тіркелген.
«Облыс орталығында есірткі жарнамасы бар граффити жазуларды өшіру бойынша ауқымды акция өтті. Оған полиция қызметкерлері, студенттер мен еріктілер белсене қатысты. Профилактикалық жұмыстарды нығайту үшін қала, аудан жасөспірімдері арасында есірткі заттарының алдын алу үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлері, оқушы, ата-аналар мен оқытушылар қауымы қатысты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1 пайызға өскен.