Қызылорда облысында 25 мәдениет қызметкері еңбек демалысы ақысын алмаған
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Қазалы аудандық прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде мәдениет саласындағы мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда еңбек ететін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.
Осылайша азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның ұсынуы негізінде уәкілетті органдар тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданды.
Айта кетейік, Қызылордада пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды.