Қызылорда облысында 43 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Биыл Қызылорда облысындағы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі күні соның 43 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жамбыл облысында өткен жылы 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осылайша жоспардың 71,1%-ы орындалды. 

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы 70 мың гектар жерді қайтару көзделіп, жыл соңында 77,5 мың гектар жер алынды. 2022-2024 жылдары қайтарылған 460,2 мың гектар жердің 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енді, — делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қызылорда облысының жер көлемі — 24,1 млн гектар. Оның 2,9 млн гектары ауыл шаруашылығына арналған.

Бұған дейін біз Батыс Қазақстанда 3,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар