Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданында кент және екі ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр.

Сайлау
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес, Қармақшы ауданының Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп жатыр. 

Дауыс беру 7:00–де учаскелерде басталды. Алғашқы келген сайлаушыға учаскелік комиссия тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие болған жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Сайлау
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Айта кетсек, Жосалы кентінде — 12540, ІІІ Интернационалда — 1255, Ақжарда — 958 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген азаматтары бақылай алады. Бюллетень тізіміне енген 8 кандидаттың 2-і саяси партия, 6-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отыр.

Биыл Қызылорда өңірінде 25 кент және ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады.

Жыл басынан бері 5 ауылдың әкімі сайланды.

Соңғы жаңалықтар