Қызылорда облысында биыл 286 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында жыл басынан бері 286 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған.

наркотики, есірткі, психотроп
Фото: Canva

Қызылордалық полицейлер 72 есірткі өсіру, 18 өткізу, 6 аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткі тұтынуға көндіру, 18 есірткі жарнамалаудың жолы кесті.

«Заңсыз айналымға жіберілмеген 1 тонна 355 келі 416 грамм есірткі заты жойылды. Оның ішінде 49,5 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1,2 келі гашиш тәркіленіп, 2 фито-зертхана анықталды», — деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Еске салсақ, Қызылорда облысында биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Тоғыз айдың ішінде жол апатынан мерт болғандар саны 15,6 пайызға төмендеген.

«Соған қарамастан жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар