Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде Жаңақорған ауданында блогердің ұсталғаны жөнінде ақпараттар жарияланды.

досудебное расследование, полиция
Фото: Kazinform

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиға бойынша Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп жазылған департамент хабарламасында.

Еске салсақ, Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды.

Соңғы жаңалықтар