Қызылорда облысында егістік алқаптарына су айдау үшін құтқарушылар тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі мен топырақ ылғалдылығының азаюына байланысты ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

құтқарушылар
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Биыл шілде айынан бастап құтқарушылар Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Қазалы және Шиелі аудандарында шұғыл іс-шараларға тартылды. 

– Жұмыс жүргізілетін аймаққа еліміздің барлық өңірінен күш-құралдар жіберілді. Барлығы 77 қызметкер, 26 техника, 25 жылжымалы сорғы станциясы тартылған. Бұл егістік алқаптарына су жеткізу мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді, -делінген хабарламада.

Осы күнге дейін егістіктерді суару үшін 14 595 017 текше метр су айдалды.

Ал Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары бұған дейін Сырдария өзенінен суды заңсыз алып келген 9 тіркелмеген сорғы қондырғысын анықтады.

Соңғы жаңалықтар